Аралық аттестаттау

Аралық аттестаттау

Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихандарды, кәсіптік практика бойынша есептерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу эксперименттік-зерттеу жұмысы бойынша есептерді (магистранттар мен докторанттарда) міндетті түрде баға қою арқылы тапсыру нысанында жүргізіледі және емтихан сессиясы ретінде айқындалады.

Қорытынды бақылауды жүргізу үшін тіркеуші офисі "Platonus" ААЖ-дағы электрондық емтихан ведомосіне академиялық кезең ішінде білім алушыларға жинақталған баллдар мен рұқсат беру рейтингін көрсете отырып, бағалар қояды. Аралық аттестаттауға (емтиханға) жіберу рейтингін бағалау жинақтаушы сипатқа ие және үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларынан және аралық бақылау бағаларынан (академиялық кезең ішінде 2 аралық бақылау) тұрады.

Оқу пәні бойынша аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтиханда алынған баға және академиялық кезең ішіндегі үлгерімді ағымдағы бақылауды бағалаудың орташа балы ескеріледі.

Емтихан сессиясына жіберу "Платонус" ААЖ-да екі кезеңде автоматты түрде жүзеге асырылады:

  1. бірінші кезеңде оқу ақысы бойынша берешегі, пререквизиттер бойынша академиялық берешегі жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ емделуде жоқ білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу жүргізіледі;
  2. екінші кезеңде Тіркеуші офисі үлгерімді ағымдағы және межелік бақылау нәтижелері бойынша айқындалатын рұқсат рейтингі негізінде пән бойынша емтиханға жіберуді жүзеге асырады.

Пән бойынша 60 баллға рұқсат беру рейтингі жоқ білім алушы осы пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді.

Аралық бақылау мәселелерін әзірлеуді осы пән бойынша сабақ жүргізетін оқытушы жүзеге асырады және білім алушыларға емтихан сессиясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей беріледі.

Аралық бақылау (емтихан) мынадай нысандарда жүргізіледі:

1) билеттер бойынша ауызша емтихан;

2) билеттер бойынша жазбаша емтихан;

3) компьютерлік тестілеу нысанындағы емтихан;

4) қағаз жеткізгіштердегі жазбаша тестілеу нысанындағы емтихан;

5) аралас емтихан;

6) жобаларды қорғау, презентация, кейстер.

Білім алушылардың оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша балдармен, цифрлық баламасы бар әріптік жүйеде ("А"-дан "D" - ге дейінгі оң бағалар және "қанағаттанарлықсыз" - "FX" және "F") бағаланады.

Дәстүрлі бағалау шкаласы мен ECTS-ке аудара отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

Балл (%-тік сипатта)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

 

Қорытынды бақылауда (емтиханда) "FX" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алған жағдайда, білім алушының оқу пәні бағдарламасын ақылы негізде қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. "FX" емтиханын қайта тапсыру құны ағымдағы академиялық кезеңдегі 1 кредиттің бекітілген құнына тең.

Қорытынды бақылауды "FX" белгісіне сәйкес бағалаудан қайта тапсыруға аралық аттестаттау кезеңінде және кезекті академиялық кезең басталғанға дейінгі каникул кезеңінде жол беріледі.

"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда білім алушы міндетті компонент пәндерінен басқа, осы пәнге немесе басқа пәнге олардың бейінділігі мен туыстық қағидатын сақтай отырып қайта жазылуға, оның барлық бағдарламасынан өтуге, барлық тапсырмаларды орындауға, белгіленген тәртіппен қорытынды бақылауға рұқсат алуға, қорытынды бақылауды (емтихан) тапсыруға тиіс). Оқу пәніне қайта жазылу келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде ақылы негізде ғана жүзеге асырылады (бірақ 15 қосымша кредиттен аспайды).

Апелляциялық комиссия

Емтихан сессиясы (аралық аттестаттау) кезеңінде университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляциялық пәндер бейініне сәйкес келетін оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханды бағалау жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға өтініш береді.

Апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарап, бағалауды қайта қарау немесе бастапқыда алынған бағаны сақтау туралы тиісті шешім қабылдауы керек. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Апелляция нәтижелеріне негізделген соңғы бағалау транскриптке енгізіледі және GPA санау кезінде есептеледі.